Қазақстанда кейбір жұмыс берушілер зейнетақы жарналарын төлемей келеді - Т. Дүйсенова

«Жұмыс берушілердің зейнетақылық төлемдері бойынша олардың берешегінің өсімі байқалуда. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, берешек сомасы 2,7 млрд. теңгені құрады немесе жыл басымен салыстырғанда екі есеге артты. Сонымен бірге 12 мыңға жуық кәсіпорын жұмысшылардың зейнетақы аударымдарының көлемін төмендетті, 724 кәсіпорын бұл аударымдарды мүлдем іске асырып жатқан жоқ», - деді министр.
Ведомство басшысы зейнетақы жарналарының төленбеуі себептерін анықтау жұмыстарын жүргізу керектігін және аталған аударымдар тоқтатылған жұмысшылардың контингентін анықтау қажет екенін жеткізді.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде республика бойынша 16 кәсіпорында жалақы бойынша 685 жұмысшының алдында 217,5 млн. теңге көлемінде берешегі (3 айдан астам) бар.
Еңбекақыны кешіктіру фактілері бойынша және мемлекеттік еңбек инспекторлары нұсқауларын орындамағаны үшін жұмыс берушілерге 100 млн. теңгеге жуық 1075 айыппұл салынды.