Қазақстанда киберқауіпсіздік мамандығы бойынша онлайн-оқыту басталды

«Оқыту екі мамандық, атап айтқанда киберқауіпсіздік және кешенді Интернет жүйесіне кіріспе бойынша жүргізіледі. Оқу курсы 10 күнге созылады және теория мен тәжірибені қамтиды. Курстың соңында азаматтар бүкіл оқу мазмұнын қамтитын баға алады. Курсты аяқтағаны туралы сертификат алу үшін оқуды ойдағыдай аяқтап, курс бойынша сауалнамаға қатысу қажет», - делінген министрліктің хабарламасында.
Сондай-ақ осы жылдың ақпан айында жұмыспен қамту орталықтарында екі мамандық бойынша (компьютерлік графика және негізгі IT дағдылары) бойынша пилоттық режімде оқыту жоспарланып отыр.
«Cisco Networking Academy бағдарламасы - оқушыларға ғаламдық экономикада қажетті интернет технологиясы туралы білім беретін электрондық оқытудың кешенді бағдарламасы. Network Academy бағдарламасы интернет арқылы қолжетімді материалдарды, білім беруді бағалау құралдарын, студенттердің академиялық үлгерімін бақылау құралдарын, тәжірибелік зертханалық сабақтарды және кәсіби танылған кәсіби сертификаттарды алу үшін оқыту курстарын қамтиды», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.