Қазақстанда киік санағы аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда киіктің үш популяциясына жер үстінде мониторинг жасалды. Мониторинг барысында кездескен барлық киік туралы мәліметтер, олардың жасы, жынысы мен жүріс-тұрысы туралы деректер тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығына сілтеме жасап.

Қазақстанда киік санағы аяқталды

Санақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарында жүргізілді. Киіктерді жыл сайын көктемде әуеден санау биыл карантинге байланысты тоқтатылғандықтан күзгі мониторинг жүргізілді.

2019 жылы Қазақстандағы киік саны 334 400 болған еді.

Санаққа Биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы, ҚР БҒМ Зоология институты, «Охотзоопром» қорықшылары және облыстық аймақтық инспекция қызметкерлері қатысты.