16:04, 04 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Қазақстанда киікті атқандарға салынатын айыппұлдың мөлшері артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда аңның бірнеше түрін заңсыз атқандарға салынатын айыппұлдың мөлшері артты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.

«Биылдан бастап табиғаттың қорғау заңнамасын бұзғаны үшін бірқатар айыппұлдардың көлемі өсті. Атап айтқанда, қабанды немесе елікті заңсыз аулағандар 250 АЕК, киікті заңсыз аулағандар бұрын 200 АЕК айыппұл төлеп келсе, енді ол 350 АЕК өскен. Ал Үйректі атқандар 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады», - дейді ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Үстеміров.
Сондай-ақ Қайрат Үстеміровтың айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 382-бабы бойынша 2017 жылы 165 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 2016 жылы мұндай заң бұзушылықтар 243 мәрте тіркелген.