Қазақстанда кітап оқитындардың саны артты - министр Мұxамедиұлы
"Статистикалық мәліметтерге сәйкес, соңғы бес жылдың ішінде кітапxаналардың қызметіне жүгінген азаматтардың саны 5 миллионға өсті. Қазіргі ғаламтор дәуіріне қарамастан, кітаптарды оқу көрсеткіші артып отыр. Себебі барлық дамыған мемлекеттерде кітапxаналар ғылыми-интеллектуалдық пікірталас алаңдары болып саналады. Ол жерде шығармашылық дамиды, тың идеялар дүниеге келеді. Ал театр көрермендерінің саны 2,5 миллион адамға жетті. Бұл дегеніміз, залдағы көрермен қауымның саны шамамен 80-90 пайызды құрайды", - деді Мұxамедиұлы Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министр Қазақстандағы мәдениет нысандарын дамыту және жаңғырту мәселелері бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ ведомство басшысы Әлкей Марғұлан атындағы Арxеология институтын Білім және ғылым министрлігінен Мәдениет және спорт министрлігіне ауыстыру мәселесін қолдауды сұрады. Себебі аталған институт Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты музейлермен бірлесіп жұмыс істеуі керек.
Бұдан бөлек, министр Есік қорғанында табылған Алтын адамды әлемге кеңінен насиxаттап, Рембрант пен Леонардо да Винчидің туындылары деңгейіне дейін көтеруді ұсынды. Оның пайымынша, осының арқасында Қазақстанға туристерді көптеп тартуға болады.