Қазақстанда қияр, қызанақ және жұмыртқа арзандады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауылшаруашылық құрылымдары өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 2019 жылдың маусымында 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 7% артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанда қияр, қызанақ және жұмыртқа арзандады

Атап айтқанда, осы жылдың маусымында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы 0,2% арзандап, өсімдік шаруашылығы - 9,6% қымбаттаған.

Жыл басынан бері қарақұмықтың бағасы 3,3% төмендесе, бидай - 18,9%, арпа - 8%, жүгері - 5,5%, сұлы - 3,1%, күріш - 1%, қарабидай - 0,7% көтерілген.

Қияр бағасы 13,5%, картоп - 5,8%, қызанақ - 1%, сәбіз - 0,6%, орамжапырақ - 0,4% арзандаса, қызылша - 4,9% және пияз - 1,7% арзандаған.

Жылқы етінің құны - 4,3%, ірі қара мал еті - 3,7%, қой және шошқа еті - 2,2%, құс еті - 0,9% артқан. Жұмыртқа 17%, бал - 3,8%, қой жүні - 2,7%-ке төмендесе, шикі сүт 1,2% қымбаттаған.