Қазақстанда қызылшаға қарсы 630 мың доза вакцина бар
АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында қызылшаға қарсы вакцинаның көлемін атады.
«Қазіргі таңда елімізде қызылшаға, қызамық пен шықшыт безінуінің қабынуына қарсы 630 мың дозадан астам құрама вакцина бар», — деп жазылған жауапта.
Бұл вакцина алдын алу екпесінің ұлттық күнтізбесі аясында (12-15 айлық, 6 жасар балалар үшін) және қосымша жаппай иммундауға жататын контингентті қамтуға (6-10 айлық, 2-4 жастағы балалар мен бұрын екпе алмаған медицина қызметкерлерін, жоспарлы екпені өткізіп алған 18-ге толмаған адамдарға арналған.
Сондай-ақ, бұл вакцина қызылша ошағымен байланыста болғандар және екпе алмаған немесе қызылшаға қарсы вакцина алғаны туралы мәлімет жоқ 30-ға дейінгі азаматтарға салынады.