Қазақстанда КО шекарасынан тыс жерлерге мұнай өнімдерін әкетуге уақытша тыйым салынды
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен Кеден Одағының кеден шекарасынан тыс жерлерге Қазақстан Республикасының тұрмыстық пеш отынынан басқа жеңіл дистиляттар мен тауарларды (КО СЭҚ ТН коды 2710 12), орташа дистилляттар, керосиндi, газойлдарды, дизель отынын (КО СЭҚ ТН коды код ТН ВЭД ТС 2710 19 110 0 - 2710 19 290 0, 2710 19 350 0 - 2710 19 480 0, 2710 20 110 0 - 2710 20 190 0) және басқа мұнай өнімдерін (код ТН ВЭД ТС 2710 20 900 0), әкетуге алты ай мерзiмге дейін тыйым салынады», - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерінің тапшылығын және бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 18 тармағына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарттың 7 қосымшасының 10 тарауына сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Бұйрық өз күшіне енеді.