Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны аяқталды

18 бен 27 жас аралығындағы әскерге шақыруға жататын жастардың жалпы санының 5 000-ға жуығы ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеруге жіберілді.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлеріне 900-ге жуық, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына - 500-ден аса, ал «Батыс» өңірлік қолбасшылығына - 500-ден аса, сондай-ақ «Астана» өңірлік қолбасшылығына 30-ға жуық жас толықтыру қызмет өтеуге жіберілді.
Аэроұтқыр әскерлеріне 900-ден астам, ал оқу-жаттығу орталықтарына 800-ден аса адам жіберілді. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскерлер сапы 900-ден аса адаммен толықты. Олардың ішінде жоғары білімімен әскерге алынғандар саны 20 адам, арнаулы-орта мамандық иесі - 3 000-ден аса, орта білімі бар - 2 000-ға жуық адам. Бүгінгі күнге дейін Қарулы Күштердің қатарына әскерге шақырылғандардың барлығы Отан алдындағы борышын өтейтін жерлерге жіберілді.
Алғашқы әскери даярлық бағдарламасы аяқталысымен жастар әскери ант қабылдап, содан кейін әскери қызметті атқару үшін тиісті лауамзымдарға тағайындалады.
Еске сала кетсек, Қазақстанда 2016 жылы көктемде мерзімді әскери қызметке 14 мың қазақстандықты шақыру жоспарланған.