Қазақстанда көлбеу мониторингілеуді енгізу мүмкіндігі қарастырылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда көлбеу мониторингілеуді енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл туралы бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті арнайы басқармасының бас маманы Дархан Әбдіқадыров мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, көлбеу мониторингілеу тұжырымдамасын әзірлеген Нидерландының Салық қызметі 2004 жылы Нидерландыда мұны бірінші рет қолданған.

«Көлбеу мониторингілеу тұжырымдамасы «Қағидалар санын азайтуға, құқықтық нормаларды үздік орындауға және қоғам тарапынан үлкен жауапкершілікке» қол жеткізуді көздейді. Бұл әдіс салық органына ақпаратты ерікті ашып көрсетуге, салық төлеушілер мен салық органдары арасындағы ақпараттық алмасуға келісуге, салық төлеушілермен ақпараттық өзара іс-қимылды кеңейтуге, экономикалық тәуекелдерді ескертуге, кейінгі салықтық бақылау ауыртпашылығын азайтуға сенім білдіруге негізделген. Мемлекет үшін көлбеу мониторингілеудің басты артықшылығы, бизнестің салықтардан кетудің түрлі схемаларын қолданудың тәуекелдерін едәуір азайту болып табылады. Қосымша тиімділігі - тексерулерді және онымен байланысты шығыстарды қысқарту», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылы «Shell International BV» және Эрнст энд Янг компаниялары Ресей мен Нидерландыда көлбеу мониторингілеуді енгізудің халықаралық тәжірибе мәселелеріне арналған Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері үшін бірнеше тренинг өткізген.

Соңғы жаңалықтар