Қазақстанда көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау жандандырылады

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау жандандырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Қазақстанда көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау жандандырылады

Оның атап өтуінше, министрлік мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындауды жандандыратын болады. Кешенді жоспарда барлығы 9 бағдарлама бойынша 122 іс-шара көзделген. Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жоспардың 44 тармағы немесе осы жылғы жоспардың 43 пайызы іске асырылды. Барлық мемлекеттік органдарға жылдың аяғына дейін оларды орындау бойынша толық шараларды қабылдау қажет.