Қазақстанда көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы жаңа үлгідегі куәліктер беріле бастады
«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін жүзеге асыру мақсатында жоғарыда аталған құжаттарды толтыру жөнінде 22 сынақ зертханасы мен 4 сәйкестікті растау жөніндегі орган аккредиттеуден өтті. Олар туралы ақпаратты www.nca.kz. сайтынан алуға болады», делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда 200-ге жуық көлік құралының қауіпсіздігі туралы куәлік берілді.
Кеден одағының аталмыш техникалық регламентін жүзеге асыруға байланысты басқа мәселелер да жөнінде және оның талаптарын растайтын көлік құралдары мен олардың құрауыштарының құжаттарын толтыру туралы мемлекеттік органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларының, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, автоөндірушілер мен дилерлер қатысқан семинар өткізілді.