Қазақстанда көліктік-логистикалық орталықтарды дамытуға 100 млрд. теңгеден астам инвестиция салынады

«Еліміздің Көліктік-логистикалық хабын қалыптастырудың негізі бағыты ретінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ны дамыту болып табылады. Бұл Қазақстанның экспорттық әлеует пен транзиттік әлеуетті кеңейтудің негізгі жобасы болып табылады. Осы жобаға бағытталатын жалғы инвестиция көлемі 80 млрд. теңгені құрайды. Республикалық бюджет есебінен қаржыландыру 37 млрд. теңгеге жетеді», - деді компанияның вице-президенті.
Оның сөзіне қарағанда, ҚТЖ-ның негізгі жұмысы басты инфрақұрылымдарды қалыптастыруға бағытталады. Бірінші кезекте құрғақ порттың құрылысы, сондай-ақ логистикалық аймақтағы инфрақұрылымды қалыптастыруға негізделмек.
«Біздің тарапымыздан іске асырылып отырған келесі үлкен жоба ішкі көліктік логистикалық желісіне немесе орталықтарды қалыптастыруға байланысты. Осы жобаны биылдың басынан бері жүзеге асырудамыз. Бұл тұрғыда бірінші жобалардың бірі Астана, Шымкент қалаларында терминалдарды қалыптастыруға қатысты. Біз олар бойынша бірінші кезекті жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отырмыз. Еліміз бойынша көліктің-логистикалық орталықтарға жалпы инвестиция 110 млрд. теңгеден асып түседі», - деді ол.