Қазақстанда көмірқышқыл ресурстарының әлеуеті үш есеге артуы ықтимал - Ұ.Қарабалин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда көмірқышқыл ресурстарының әлеуеті үш есеге артуы ықтимал. Бұл туралы бүгін KAZENERGY Еуразиялық форумында сөз алған ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

Қазақстанда көмірқышқыл ресурстарының әлеуеті үш есеге артуы ықтимал - Ұ.Қарабалин

«2013 жылы біздің елдің жетекші геолог-мұнайшылар 15 бассейн бойынша көп жылдық барлау жұмыстарын аяқтады. Бұл Қазақстанда тәуелсіздік жылдары жасалған алғашқы осындай жұмыс еді. Ол геологиялық әдістер мен технологиялардың жаңа үлгілері арқылы жасалды. Нәтижесі керемет болды. Ол бойынша, Қазақстанда көмірқышқыл ресурстарының әлеуеті үш есеге артуы ықтимал», - деді ол.

Вице-министрдің мәлім еткеніндей, мұнда ең үлкен қызығушылық Каспий маңы ойпатына түсіп отыр. «Еуразия» деп аталып кеткен сол жобаны зерттеудің ең алғашқы қырлары екі жыл бұрын дәл осы KAZENERGY форумында айқындалып еді.

«Жоспардың элементтерінің бірі рекордтық тереңдіктегі 15 шақырымдық ұңғыма жасау болған. Қазір ол жоба жүзеге асып жатыр. Жоба бойынша қазақстандық команда жасақталды. Тараптар арасында келіссөздер жүруде. Мемлекет тарапынан салықтық жеңілдіктер түрінде көмек жасалмақ. Біз жобаның сәтті орындалатынына сенеміз. Әлем терең бұрғылау тәжірибесіне ие болады», - деп атап өтті бірінші вице-министр.

Оның сөзі бойынша, елде 10 жыл ішінде 50-ден астам мұнай кеніштері ашылған. Олардың жалпы өндірілетін қорының көлемі бүгінде 160 млн. тоннаны құрайды.