Қазақстанда коммерциялық ғимараттарды жалға беру бағасы өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылғы маусымда өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда коммерциялық жылжымайтын мүліктің бағасы 0,1 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Үстіміздегі жылдың басынан бері өндірістік нысандарды жалға беру бағасы 1,4 пайызға, тұрмыстық, қызмет көрсету жайларын жалға беру 0,6 пайызға және паркингтерді жалға беру 1 пайызға төмендеген.
2018 жылдың маусым айынан бастап 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда көлік жуу орындарын жалға беру бағасы 4,5 пайызға, техникалық қызмет көрсету және автокөліктерді жөндеу стансалары - 3 пайызға, шаштараздар мен сән салондары - 2 пайызға, өнеркәсіптік базалар - 1,7 пайызға көтерілген.