Қазақстанда коммуналдық нысандардың жай-күйі туралы бірыңғай жалпыұлттық мәліметтер базасы іске қосылады

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі коммуналдық сектор желілері мен нысандарының жай-күйі туралы бірыңғай жалпыұлттық мәліметтер базасын құру,
None
None

сонымен қатар коммуналдық желілерді жаңғырту бойынша өңірлік жоспар әзірлеу үшін жұмыс тобын құрады. Бұл туралы бүгін аталған ведомствоның алқа мәжілісінде агенттік төрағасының орынбасары Николай Тихонюк мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл жұмыс тобы бастапқы кезеңде ақпараттық мәліметтер базасына енгізу үшін негізгі деректер тізбесін айқындайды, сондай-ақ мұндай мәліметтер базасын қалыптастырудағы халықаралық тәжірибені ескере отырып ұсыныс әзірлейді. Осыдан кейін коммуналдық желілерді жаңғырту бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітеді.

«Бірыңғай жалпыұлттық мәліметтер базасын құру желілердің, коммуналдық сектор нысандарының жай-күйін шынайы әрі жан-жақты бағалауға мүмкіндік беріп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жаңғыртылуына және «Ақ бұлақ» бағдарламалары көрсеткіштерінің орындалуына сапалы бақылау жүргізеді», - деді Н.Тихонюк.

Соңғы жаңалықтар