Қазақстанда коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде 280 мыңнан астам адам тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - 286 мың 507 қазақстандық коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде тұр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ресми сауалына ҚР Ұлттық экономика министрлігінен хабарлады.
Жергілікті атқару органдарының мәліметтеріне қарағанда, аталған тізімдегі 465 адам - мүгедектер мен Ұлы Отан соғысының қатысушылары, 41 мың 82-сі - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектер, 125 мың 70-і - әлеуметтік аз қамтылғандар, 117 мың 456-сы - бюджеттік, мемлекеттік қызметтегі, әскери және ғарыш салалаларындағы адамдар. Сонымен қатар 1 мың 834 адамның жалғыз баспанасы апаттық болып танылғандықтан, олар да бұл тізімге еніп отыр. Тұрғын үйге деген ең үлген сұраныс Астанада, ол 31 мың 346 адамды құрайды. Одан кейін Қарағанды (24 052), Ақтөбе (21 317) және Алматы (21 315) облыстары тұр.