Қазақстанда компьютер мамандықтары бойынша АҚШ-да бірінші рет ресми халықаралық аккредитация алған университет пайда болды

АЛМАТЫ. 17 тамыз. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Әлемдегі ең беделді американдық халықаралық аккредитацияны тағайындайтын ABET агенттігі Қазақстан-Британ техникалық университетінің барлық компьютерші мамандықтары аккредитация алғанын ресми қуаттады.

Қазақстанда компьютер мамандықтары бойынша АҚШ-да бірінші рет ресми халықаралық аккредитация алған университет пайда болды

Техника және технология саласы бойынша аккредитациялау кеңесінің сараптамасы 70 жылдан астам уақыттан бері дүниежүзі бойынша барлық жұмыс берушілер мен университеттермен танылған.

Қазіргі уақытта ІТ нарығының барлық алдыңғы қатарлы компаниялары мен университеттері қызметке халықаралық аккредитациядан өткен түлектерді ғана қабылдайды. Сондықтан, ҚБТУ-ның барлық компьютерші мамандықтары енді, сапа стандарты талабына сай болмақ.

«2009 жылы ҚБТУ Ұлыбританияда инженерлік мамандықтары бойынша халықаралық аккредитацияны алды, ол біздің мұнай-газ факультеті түлектеріне әлемге әйгілі компанияларға жұмысқа тұруға үлкен септігін тигізді. Енді, тамыздың 1-нен біздің университеттің ақпараттық технологиялар факультетенің түлектері жұмысқа орналасқанда кез келген шетел университетінің бітірушілерімен тең дәрежеде болады, тіпті, әлемнің қай елінде болмасын оқуды жалғастырған кезде тең құқығы да болады»,-деді ҚБТУ-нің ректоры Ескендір Бейсембетов.

ҚБТУ-нің проректоры Зоя Түйебақованың айтуынша, университет аккредитация процессін 2009 жылдың күзінен әзірлей бастаған және екі жылдың ішінде өткізген. «Аз уақыт мерзімінде өткізу ABET тәжірибесінде болмаған жетістік, әдетте бұл үрдіс бес және одан да көп жылға созылады. Бұл ҚБТУ сияқты жас университеттер үшін болмаған жағдай»,-деді ол.

Оның айтуынша, ҚБТУ 2008 жылдан бері бағдарламалау бойынша Қазақстанның және Орталық Азияның абсолютті чемпионы болып табылады.