Қазақстанда композициялық материалдардан жасалған super mid-size сыныбына жататын алғашқы ұшақ - Hawker 4000 бизнес-джетінің тұсаукесер рәсімі өтті

/strong>Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматы Халықаралық әуежайында бизнес-джет өндірісі саласындағы дүниежүзілік көшбасшы Нawker Beechcraft Corporation компаниясы Қазақстанда өзінің бірегей әзірлемесі - Hawker 4000 ұшағын таныстырды,

Қазақстанда композициялық материалдардан жасалған super mid-size сыныбына жататын алғашқы ұшақ - Hawker 4000 бизнес-джетінің  тұсаукесер рәсімі өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 жыл бойғы ерен еңбектің нәтижесінде Hawker Beechcraft компаниясы Hawker 4000-дің мүлдем жаңа үлгісін жасап шығарған. Бұл композициялық материалдардан жасалған super mid-size сыныбына жататын алғашқы ұшақ. Әлемге танымал Robb Report журналы бұл бизнес-джетті «2010 жылдың ұшағы» деп атап өткен еді. Hawker 4000 қауіпсіздіктің үш еселенген жүйесімен жарақтандырылған және 9 орынға есептелген. Қазақстанда ұсынылған жаңа ұшақтың құны 20 миллион АҚШ доллары шамасында.

Бүгінгі күнге қарағанда Hawker 4000-дің 40-тан аса ұшағы шығарылған. Оның әлемдік премьерасы АҚШ-та 2008 жылы өткен болатын. Содан бері әлемнің танымал тұлғалары, АҚШ пен Еуропаның бизнес авиа-тасымалдаушылары мен мемлекеттік органдары осы ұшақтың иегерлері бола бастаған.

Қазіргі кезеңде Ресей осындай бір ұшақты пайдаланып отыр. Өндірушілер Қазақстаннан Hawker 4000 сатып алуға алдын-ала бірнеше өтініш алып үлгерген.

Сонымен қатар Hawker 4000 ұшағымен қоса жұртшылыққа Hawker 900 XP ұшағы да таныстырылды. Hawker 900 XP-бүкіл әлемде елеулі сұранысқа ие mid-size jet сыныбындағы корпоративті реактивті ұшақтардың соңғы әзірлемесі.