Қазақстанда көмір өндіру көлемі артуда

көмір
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көмір өндіруді жыл сайын ұлғайту көзделген.

Энергия өндіруші және өнеркәсіп кәсіпорындарының, бюджеттік ұйымдар мен халықтың көмір өніміне қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында көмір химиясына кезең-кезеңімен көше отырып, көмір өндіруді ұлғайту, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін арттыр бағытында жұмыс жалғасып жатыр.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, жақын уақытта Богатырь көмір кенішінде циклдік-ағындық технология іске қосу күтілуде.

«Бұл 42 млн тоннадан 50 млн тоннаға дейін көмір өндіруге мүмкіндік береді. Өндірілген көмірдің жалпы көлеміндегі көмір экспортының үлесі 26-28% құрайды. Соңғы бес жылдағы көмір экспортын талдау экспорттық әлеуеттің прогрессивті сипатқа ие екендігін көрсетеді», — деп жазды ведомстводан.

ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша алыс шет елдерге тас көмір мен лигнит экспорты 6,5 есеге (1,3 млн.тоннадан 8,5 млн. тоннаға дейін) ұлғайды.

Бұл, ең алдымен, Еуропалық одақтың қазақстандық көмірге деген сұранысының артуына байланысты. Осылайша, отандық жер қойнауын пайдаланушылардың экспорттық әлеуеті сұранысқа сай арта түсетін болады. 

Соңғы жаңалықтар