Қазақстанда Конго-Қырым геморрагиялық безгегі бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Республиканың санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары жүргізген профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бүгінгі күні республикада КҚГҚ-ның 3 жағдайы тіркелді (ОҚО - 2, Қызылорда облысы - 1). Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 9 жағдай тіркелген еді.
None
None

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КҚГҚ бойынша қолайсыз облыстарда (Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда) кенеге қарсы іс-шаралардың іске асырылуы барысына апта сайын мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Кене шаққанына шағымданған адамдардың барлығы медициналық бақылауға алынды, оларда клиникалық белгілер (дене қызуының көтерілуі) байқалған жағдайда тексеру және профилактикалық емдеу жүргізіледі. КҚГҚ бойынша қолайсыз аумақтарда тұратын тұрғындарды қорғау мақсатында 259 елді мекен айналасына санитариялық-қорғаныш аймағы құрылды (кенеге қарсы өңдеу жүргізілді)»,-делінген аталған министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сонымен қатар, КҚГҚ-ның эпидемиялық маусымы жалғасуда, сондықтан тұрғындардың бұл инфекцияны жұқтыру қаупі сақталуда.

Соңғы жаңалықтар