Қазақстанда «қоңыр» және «жасыл» экономикалар арасындағы теңгерім болуы тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға толықтай көмірден бас тартудың реті жоқ. Бұл тұрғыда «қоңыр» және «жасыл» экономикалар арасындағы балансты айқындау керек. Бүгін елордада «Энергиялық тиімді ТКШ және Қазақстанның инновациялық құрылыс индустриясы» V Халықаралық конференциясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева осылай мәлім етті.

Қазақстанда «қоңыр» және «жасыл» экономикалар арасындағы теңгерім болуы тиіс

«Қазақстан салада бірқатар бәсекелестік басымдықтарға ие. Оларды «жасыл экономика» стратегиясы негізінде ғана жүзеге асыруға болады. Бізде жаңаратын энергия көздері тұрғысында ауқымды әлеуетіміз бар. Ол шамамен 1 трлн. киловатт/сағатты құрап отыр. Алайда энергияның басым бөлігі көмір стансаларда өндірілуде. Бізде бұл тақырып бойынша пікірталастар болды және онда Қазақстанда көмірдің елеулі қоры бар екендігі, сондай-ақ отынның бұл түрі қымбат еместігі айтылды. «Қоңыр экономикамен қатар «жасыл экономика» бар екенін түсінуіміз керек. Бұл тұрғыда біз теңгерімді табуымыз қажет», - деп тоқталды А. Соловьева.

Осы орайда депутат «қоңыр экономиканың» барша өндірістерін жабу міндетті емес екенін, яғни оларды трансформациялауға болатындығын атап өтті.

«Қоңыр экономика» - ол ескі технологияларға негізделген экономика ғана емес. Экологиялық себептермен барша өндірістерді жабудың негізі жоқ, себебі бұл тұрғыда революциялық технологиялар мен инновациялық шешімдер бар. Батыстың компанияларымен қатар Қазақстанның да өндірушілері осы бағытта елеулі түрде алға жылжыды», - деді ол.