Қазақстанда корей киносының онлайн апталығы басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы корей мәдени орталығы корей фильмдерінің онлайн апталығын басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда корей киносының онлайн апталығы басталды

Апталық аясында қазақстандықтар корей мәдени орталығының сайтынан корей фильмдерін тегін тамашалай алады.

Алғашқы фильм ретінде 23-27 қыркүйек күндері көрермен назарына «ПОЕЗД В ПУСАН» триллері орысша субтитрмен ұсынылады. 2016 жылы жарық көрген екі сағаттық фильмде жұмбақ вирустың өршуінен қашқан тұрғындардың Пусан қаласына сапары баяндалады.

Сонымен бірге, 30 қыркүйек пен 4 қазан күндері аталған сайтта «ДЕФОЛТ» драмасы көрсетіледі. Мұнда 1997 жылғы Оңтүстік Корея үкіметінің қалай дағдарысқа ұшырағаны көрсетіледі.