Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандар саны 32 мыңнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандар саны  32 мыңнан асты

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 16 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 32500, 351 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27073 жетті.