Қазақстанда коронавирус пен пневмонияға 63 адам шалдықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте коронавирусқа 58 адам шалдықты, сондай-ақ 5 адамнан пневмония анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлі етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда коронавирус пен пневмонияға 63 адам шалдықты

10 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 725 адам (коронавирустан (КВИ+) – 576, пневмониядан (КВИ-) – 149) емделуде. Олардың ішінде 68 пациент стационарда, 657 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр;
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.