Қазақстанда коронавирус пен пневмонияға бір тәулікте 123 адам шалдықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы – 114, коронавирус белгілері бар пневмония 9 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

9 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирус инфекциясынан 1 595 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 435, пневмониядан (КВИ-) – 160) емделіп жатыр. Олардың ішінде 119 пациент стационарда, 1 476 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 5 адамның жағдайы ауыр.

8 ақпанда коронавирус пен пневмония 91 адамда тіркелген болатын.


Соңғы жаңалықтар