Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустың белгілері бар пневмониямен 216 адамның науқастанғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды

Сонымен қатар, осы дерттен 1 адам қайтыс болды, 77 адам жазылып кетті.

Биылғы жылдың 1 тамызынан бері елде коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 37962 адамды құрады, 402 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 28787 адамға жетті.