Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияны 41 адам жұқтырып, 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

Сондай-ақ ондағы мәліметтерге қарағанда, өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 30 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 13 наурызынан бері барлығы 88076 адам коронавирус пневмониясын жұқтырып, 5336 адам қайтыс болған. Жазылып шыққандардың саны 81642-ге жетті.