Қазақстанда коронавирус вакцинасының 2-компонентін 5,1 млн адам салдырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты 25 тамыздағы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«25 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 6 448 802 адам салдырды, II компонентін 5 123 033 адам салдырды», делінген хабарламада.
Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 848 468 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 696 873 адам екінші компонентін салдырған.
Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 725 705 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 550 219 адам 2-компонентін егілген.
Үшінші орында Алматы облысы – 651 279 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 520 675 адам екінші бөлігін қабылдаған.