Қазақстанда коронавирус жұқтырған 259 адамның жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Қазақстанда 2021 жылдың 21 наурыздағы жағдай бойынша, 20 912 адам короновирус инфекциясынан (17 654 КВИ+ және 3 258 КВИ-) емделіп жатыр.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Ондағы ақпараттарға қарағанда, емделіп жатқандардың ішінде 6 185 пациент стационарда, 14 727 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 259 адамның жағдайы ауыр;
• 63 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 37 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.