Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1 мыңнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тағы 112 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 сәуір сағат 23.40-тағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 112 адам тiркелді, Алматы қаласында – 99 адам, Қарағанды облысында - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 3 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 1 адам, Атырау облысында - 3 адам.

Coronavirus2020.kz мәліметінше, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 260 адам, Алматы қаласында – 271 адам, Қарағанды облысында - 77 адам, Ақмола облысында - 73 адам, Атырау облысында - 62 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 22 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 26 адам, Павлодар облысында - 10 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 119 адам, Батыс Қазақстан облысында - 11 адам, Түркістан облысында - 44 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 1091 науқас бар.


Соңғы жаңалықтар