08:50, 18 Наурыз 2020 | GMT +5
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 35 болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тағы 2 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 індетінің тағы екі фактісі Алматы қаласында расталған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавируспен ауыратындар саны 35-ке жетті. Оның ішінде 17 жағдай - Алматыда, 18 факті - Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.