Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина кімдерге егіліп жатыр

Қазақстанда тұмауға және коронавирусқа қарсы вакцина егу жалғасып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

заболевание
Фото: Kazinform

«Еліміздің барлық аймақтарында халықты тұмауға қарсы иммундау жалғасып жатыр. Республикада медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тұмауға қарсы иммундау үшін Ресей Федерациясының «НПО ПетроваксФарм» шығарған «ГРИППОЛ +» тұмауға қарсы вакцинасы егіліп жатыр», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Сонымен қатар ведомство елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салу қарастырылғанын хабарлады.

«Қазіргі кезде коронавирус инфекциясына қарсы иммундау індеттің асқынуына болдырмауға мүмкіндік беретіні расталды. Мұнымен қоса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары адамдарға, медицина қызметкерлеріне, КВИ ауруы кезінде тәуекел тобына жататын созылмалы аурулары бар адамдарға және егде жастағы адамдарға коронавирусқа қарсы ревакцинацияларды жүргізуді жалғастыруды ұсынды. Бұл тұрғыда республикада КВИ-ға қарсы халықты вакцинациялауды және ревакцинациялауды ұйымдастыру әрі іске асыру жалғасып жатыр», - деп аталып өткен Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратында.

Атап айтқанда, қазір бірінші доза 10,8 млн-нан астам адамға егілді. Бұл ретте, қамтылуы тиісті контингенттің 81,2 пайызын құрады. 2-доза бойынша 10,6 млн-нан астам адамға вакцина салынды.

«КВИ-ге қарсы алғашқы ревакцинацияны 5,8 млн адам немесе қамтылуы тиіс адамдардың 71,2 пайызы, қайта ревакцинацияны 1,5 млн адам немесе қамтылуы тиіс тұрғындардың 59,6 пайызы алды. Биылғы қазан айының басындағы жағдай бойынша КВИ-ге қарсы вакцинаның 215 мың дозасы болды (Vero cell (Sinopharm) – 149 мың, «Comirnaty оригинал/Omicron BA.4/5» (Pfizer/BioNTech) – 66 мың)», - делінген министрлік хабарламасында.


Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қыркүйек айында министр Ажар Ғиният қарияларға коронавирусқа қарсы егілуге кеңес берді. https://kaz.inform.kz/news/ministr-giniyat-kariyalarga-koronaviruska-karsi-egluge-kenes-berd-cbf2ad/

Елдегі коронавирустың таралуы былтырғыдан әлдеқайда төмен.