Қазақстанда коронавирусқа қарсы 2 млн астам адам толық егілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның толық компонентін 2 миллионнан астам адам алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылғы 30 маусымдағы мәлімет бойынша, I компонентпен 3 335 172 адам вакцина салдырды, II компонентпен 2 000 596 адам егілді.

Коронавирус вакцинасының толық дозасын алғандар бойынша алдыңғы орында тұрған өңірлер:

Алматы қаласы – 298 003 адам;

Алматы облысы – 205 356;

Түркістан облысы – 194 870;

Шымкент қаласы – 156 618;

Қарағанды облысы – 151 194;

Нұр-Сұлтан қаласы – 150 169.

Айта кетейік, 29 маусымда коронавирус вакцинасының толық дозасын алғандар саны 1 954 372 адам болды.


Соңғы жаңалықтар