Қазақстанда коронавирусқа қарсы егілгендер саны 1,2 миллионнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 маусымдағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алғандар саны 1,2 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы егілгендер саны 1,2 миллионнан асты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінге дейін I компонентпен – 2 326 487 адам, II компонентпен 1 240 391 адам егілді.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де алған өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр – 214 501 адам. Одан кейінгі орындарда Алматы облысы (143 741), Қарағанды облысы (115 340), Нұр-Сұлтан қаласы (111 683) және Шымкент қаласы (98 949) тұр.