Қазақстанда коронавирусқа қарсы қандай вакциналар бар

«Қазіргі уақытта республика бойынша вакциналау және ревакциналау жұмысы жалғасып жатыр. Қазақстанда вакцинаның үш түрі қолжетімді, олар – QazVac, Sinopharm және Pfizer. Ревакциналау үшін – QazVac және Sinopharm бар», - деді Р. Қожапова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Спикердің айтуынша, екпе егу пунктілерінде 1 млн 600 мың вакцина дозасы бар.
«Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинамен ересек тұрғындардың 80%-дан астамы немесе барлық халықтың 56%-дан астамы қамтылған. Республика бойынша коронавирус инфекциясына қарсы бастапқы ревакциналаумен қамту тиісті халықтың 68%-дан астамын (4,9 млн адам) құрады. Орта есеппен тәулігіне 10 мыңнан астам адам екпе салдырады», - деді Роза Қожапова.
Басқарма басшысы мамыр айының соңынан бастап елде ревакциналау енгізілгенін еске салды. Бүгінде тиісті халықтың 55%-ы ревакцина жасатқан.
Айта кетейік, коронавирус бойынша жедел жәрдемді ең көп шақыру Қарағанды облысында және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында тіркелген.