Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алған миллионыншы адам кім

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігінің кіші сержанты Баян Жотанова коронавирусқа қарсы вакцина салдырған миллионыншы адам болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кіші сержант Баян Жотанова экономист - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Алматы РЭҚ қаржы-экономикалық бөлімінің аға маманы. Ол, өзінің барлық әріптестері сияқты, Алматыдағы No3626 әскери емханасында коронавирусқа қарсы вакцина алды.

«Мен өзімді осы инфекциядан қорғауды шештім. Мен коронавирусқа қарсы егілген миллионыншы адам екенімді білгенде, әрине, мен бұған таңданып қана қоймай, қуандым. Бұл мен үшін Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында жақсы жаңалық болды», - дейді Баян Жоланова.

Гарнизон базасында бүгінгі күнге дейін үш мың адамға вакцина салынды.

Алматы аумақтық гарнизонын толық қамту үшін мобильді топтар құрылды.

«Бүгінде біздің гарнизонда вакцинация жаппай жүргізілуде. Екпені күніне 300 адам алады. Бұл өздері вакцина алғысы келетін әскери қызметшілер. Күн сайын бізге үш жүз доза вакцина әкелінеді. Өйткені біздің гарнизонымыз үлкен. 10 сәуірден бастап біз гарнизонның 70 пайызын қамтыдық «, - деді Алматы аумақтық гарнизонының медициналық қызметінің бастығы Асқар Рысбаев.

Оның айтуынша вакцинация жүргізу жалғасып жатыр.

Алматы аумақтық гарнизонында екінші компонентті егу 1 мамырда басталады.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде вакцина алғандар саны 1 миллионнан асқаны туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар