Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны 6 839 097 адам салдырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 6 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 6 839 097 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырды.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін салдырғандар саны 5 662 697 адамды құрап отыр.
