Қазақстанда коронавируске қарсы вакцинаның І компонентін 9 483 123 адам салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 28 сәуірдегі дерек бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 483 123 адам, ІІ компонентін 9 241 702 адам салдырды.

Қазақстанда коронавируске қарсы вакцинаның І компонентін 9 483 123 адам салдырды

Сондай-ақ, 2022 жылғы 28 сәуірдегі мәлімет бойынша, «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 062 483 адам, ІІ дозасын 913 795 адам салдырды. Оның ішінде:

І компоненті 823 047 жасөспірімге, 38 122 жүкті әйелге, 136 056 бала емізіп жүрген әйелге салынды.

І І компаненті 749 851 жасөспірімге, 32 966 жүкті әйелге, 119 816 б ала емізіп жүрген әйелге салынды.