Қазақстанда коронавируспен ауырған 130 пациенттің жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавируспен ауырған 130 пациенттің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавируспен ауырған 130 пациенттің жағдайы өте ауыр

17 қарашадағы мәлімет бойынша, елімізде 32 622 адам коронавирус инфекциясынан (–27 882+ және 4 740 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 611 пациент стационарда, 26 011 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 504 адамның жағдайы ауыр, 130 пациенттің жағдайы өте ауыр, 86 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.