Қазақстанда коронавируспен ауырған 28,5 мың науқас стационарда жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі короанвирустан емделіп жатқандарға қатысты соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда коронавируспен ауырған 28,5 мың науқас стационарда жатыр

«24 тамыздағы мәлімет бойынша 123 226 адам коронавирус инфекциясынан (117 339 КВИ+ және 5 887 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 28 577 пациент стационарда жатыр, 94 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 824 адамның жағдайы ауыр, 555 пациенттің жағдайы өте ауыр, 267 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.