09:59, 02 Сәуір 2021 | GMT +5
Қазақстанда коронавируспен ауырған 365 адамның жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавируспен ауырған 365 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2 сәуірдегі мәлімет бойынша, 26 095 адам короновирус инфекциясынан (24 512 КВИ+ және 1 583 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 098 пациент стационарда жатыр, 16 997 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 365 адамның жағдайы ауыр;
• 90 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 56 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.
31 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирустан 14 адам көз жұмған. Оның 12-сі КВИ+, екеуі короанвирус инфекциясының белгісі бар пневмония.
Еске сала кетсек, 20 наурызда елімізде коронавирус жұқтырған 250 адамның жағдайы ауыр екені хабарланды.