Қазақстанда коронавируспен ауырған 505 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавируспен ауырған 505 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулывқ сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавируспен ауырған 505 науқастың жағдайы ауыр

16 қарашадағы мәлімет бойынша, 34 068 адам коронавирус инфекциясынан (–29 146+ және 4 922 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 778 пациент стационарда, 27 290 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 505 адамның жағдайы ауыр, 128 пациенттің жағдайы өте ауыр, 88 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.