Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқан 196 адамның жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 5 мамырдағы мәлімет бойынша, 44 572 адам коронавирус инфекциясынан (44 202 КВИ+ және 370 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқан 196 адамның жағдайы өте ауыр

Ауырып жатқандардың ішінде 15 015 пациент стационарда, 29 557 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 784 адамның жағдайы ауыр,

• 196 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 117 науқас жасанды тыныс алу аппаратында аппаратында жатыр.