Қазақстанда коронавирустан 3 науқас қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
7 маусым күні сағат 22 30-дағы мәлімет бойынша, індеттен Павлодар облысы - 1957 жылы туған ер адам, Атырау облысы - 1948 жылы туған әйел, Қарағанды облысы - 1963 жылы туған ер адам қайтыс болды.
«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан болған деп тіркеуге шешім қабылдады», делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша коронавирустан барлығы 52 адам қайтыс болды.