Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 1,5 мыңға жуық науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 25 шілдесіндегі ақпарат бойынша, Қазақстанда 78 917 адам коронавирус инфекциясынан (–76 891 + және 2026 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жсап.

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 1,5 мыңға жуық науқастың жағдайы ауыр

Олардың ішінде 23 046 пациент стационарда, 55 871 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1438 адамның жағдайы ауыр,

• 284 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 182 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.