Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 133 науқастың жағдай өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 16 ақпандағы мәлімет бойынша, 45 328 адам коронавирус инфекциясынан (–44 171+ және 1 157 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 133 науқастың жағдай өте ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, олардың ішінде 6 191 пациент стационарда, 39 137 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 308 адамның жағдайы ауыр,

• 133 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 101 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.