Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 154 адамның денсаулық жағдайы нашар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 4166 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 330 сәби бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 154 адамның денсаулық жағдайы нашар

Стационарларда 2 339 науқас жатыр, 1 827 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 154 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 12 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр»,-делінген хабарламада..