Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 17 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16 наурыздағы мәлімет бойынша 9 418 адам коронавирус инфекциясынан (8 375 КВИ+ және 1 043 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 17 науқастың жағдайы өте ауыр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, емделіп жатқандардың ішінде:

805 пациент стационарда,

8 613 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

5 адамның жағдайы ауыр,

17 пациенттің жағдайы өте ауыр,

15 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.