Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 171 адамның жағдайы өте ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 31 232 адам коронавирус инфекциясынан (30 667 КВИ+ және 565 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 11 986 пациент стационарда, 19 246 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 668 адамның жағдайы ауыр,
• 171 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 107 науқас жасанды тыныс алу аппаратында аппаратында жатыр.